• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Желтоқсан, 2020

Отандық БАҚ басшыларымен сайлау заңнамасын сақтау бойынша кездесу өтті

120 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев жетекші отандық БАҚ басшыларымен онлайн-форматта кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шарада бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасын сақтау мәселелері талқыланып, сайлау заңнамасының бұқаралық ақпарат құралдары жиі бұзатын нормалар түсіндірілді және электоралды кезеңде оларға жүктелетін жауапкершілік жөнінде айтылды.

Сонымен қатар БАҚ-та үгіт материалдарын төлеу шарттары туралы ақпаратты орналастыру талаптары мен мерзімдеріне қатысты сөз қозғалды.

Кездесу барысында сайлау заңнамасын бұзу статистикасы, сондай-ақ прокуратура органдарымен және басқа да құқық қорғау органдарымен қабылданған шаралар туралы аталып өтті.

Министрлік басшылығы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге және бірлескен күш-жігермен елде ашық және әділ сайлау өткізуге ықпал етуге шақырды.