• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 11 Желтоқсан, 2020

Әлиядай қайсар Әйгерім

280 рет
көрсетілді

Алдыңғы жылдары Армия халық­ара­лық ойындарының «Әскери меди­ци­налық эстафетасы» сайысында Қа­рулы Күштеріміздің іріктеуінен өтіп, Ресей Федерациясы Санкт-Пе­тербург қаласында еліміздің абы­ро­­йын асқақтатқан кіші сержант Әйгерім Қалиева қыздар командасы ара­­сында 2-ші және 3-ші орындарды иеленген болатын. Ал жеке аталым­да «Үздік қатысушы» медалімен мара­пат­талған.

Биыл «Оңтүстік» өңірлік қолбас­шы­лығынының «Әлем жауынгері» және «Әскери медициналық эстафетасы» сайыстарының іріктеулерінен 1-орын иеленіп, «Шебер» сайысының үздігі атанды.

Бірнеше жыл қатарынан «Достастық жауынгері» дәрежесіне ие болып, сержанттар құрамы арасындағы жарыста жүлделі орындарды алған Әйгерім Қарулы Күштер қатарында өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз орындап, әскери мамандықты табысты меңгеріп жүр. Әскери борышын ерлермен қатар орындап, ел іргесіне берік қорған бола алатын, отбасы құндылықтарын ту ететін білікті әскери қызметкерлер санатында жүрген кіші сержант Әйгерім Қалиева Шымкент гарнизонындағы әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етеді. Түркістан облысы Ордабасы ауданының тумасы. Шымкент қаласындағы Қазақстан Халықтар достығы университетінің «Радио­тех­ника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша білім алған Әйгерім 2014 жылы әскер қатарына ша­қыр­ты­лып, Арыс қаласының әскери бөліміне атысты қолдау ротасындағы «мерген» лауазымынан қызметін бастаған. Қазіргі таңда 35748 әскери бөліміндегі мотоатқыштар батальонында әскери қызметін атқарып жүр. Әйгерімнің қызмет барысындағы атқарған істері мен жеткен жетістіктерін әріптестері де мақтан етеді.

– Әйгерім әскери өмірдің қиыншылығы мен темірдей тәртібіне төзіп, ер-азаматтармен тең деңгейде қызмет атқаруда. Ол өзінің тәртібі мен қойылған тапсырмаларды уақтылы орындауда әріптестеріне үлгі. Мінезі Ұлы Отан соғысында елі үшін жанын қиған Мәншүк, Әлия және Хиуаз апаларымыз секілді – қайсар. Батырлық, ержүректілік және Отанға деген сүйіспеншілігін іспен дәлелдеп жүрген аруларымыздың бірі. Жауынгерлік даярлық сабақтарында әрқашан өзін жоғары деңгейден көрсетеді. Осындай батыр аруымыз арамызда қызмет атқаратынын мақтан етеміз, – дейді батальон сержанты Ғалымжан Бәтешов.

 

Шымкент