• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Президент 11 Желтоқсан, 2020

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады

777 рет
көрсетілді

Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео конференция режимінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова Президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады. Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланбақ", деп жазды Б.Уәли.

Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ.