• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 14 Желтоқсан, 2020

Баспасөз мәслихатын өткізді

321 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстан Халық партиясының мүшелері БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистермен болған кездесу барысында партия төрағасы Айқын Қоңыров партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

А.Қоңыровтың айтуынша, Қазақстан коммунистік халық партиясы жуырда өз атауын өзгертіп, бұдан былай Қазақстан Халық партия­сы деп аталады. Алайда партия бұрынғы ұстанымдарынан, бұған дейінгі бағытынан ай­ныған жоқ. Тек алдағы жос­парлары мен даму даңғылын ғана айқындап алғанға ұқсайды. Яғни Қазақстан Халық партия­сы елдің саясатын әлеуметтік бағытқа бұрған.

Партия төрағасының ай­туынша, партия URANkz респуб­ликалық қоғамдық бірлес­тігі­мен әріптестік орнатқан. Мәсе­лен, партия мүшелері аталған бір­лес­тікпен бірге «Қызыл автобус» акциясының шеңберінде Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында болып, «Еңбек» бағдарла­масы аясын­да салынып жатқан тұр­ғын үйлер­дің құрылысымен танысыпты. Сондай-ақ партия өкілдері осы облыстағы кейбір аудандар мен ауылдарды аралап, әлеуметтік мәселелерге де мән берген.

 

Нұр-Сұлтан