• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Желтоқсан, 2020

11 адам қаза тапты: Башқұртстанда қарттар үйі өртенді

867 рет
көрсетілді

Башқұртстанда қарттар үйі өртеніп, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Башинформ агенттігі мәлімет таратты.

Елдің Абзелилов ауданында алапат өрт орын алған. Ишбулдино ауылының Қызыл көшесінде мансардасы бар бір қабатты ғимарат жанып кеткен. Ғимаратта қарттар үйі орналасқан. Өрт сөндірушілер жалынды екі сағат ішінде сөндірді. Төрт адам сыртқа өзі шығып үлгерген. Жалында сөндіргеннен кейін ғимараттан 11 адамның денесі табылды. Олар қарттар мен мүгедектер болуы мүмкін.

«Қаза болғандар туралы ақпарат нақтылануда. Өрт орнына Башқұрстан Республикасы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының бастығы Марат Латыпов барды. Өртті сөндіруге 16 адам мен 6 техника жұмылдырылды», деп хабарлады республиканың ТЖМ баспасөз қызметі. Тергеушілер жұмысқа кірісіп кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ашық ақпарат көздерінен белгілі болғандай, қарттар үйі 2019 жылдың 27 наурызында тіркелген.

«Сағат 2:54-те кезекші пультіне 1960 жылдары салынған, ішінде 16 адам тұрған ғимаратта өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Сағат 3:17-де оқиға орнына Халилов БК ерікті өрт сөндіру тобы келді. Бес адам өрттен алып шығарылды. Дабыл жүйесі қосылғанымен, 11 адамды құтқару мүмкін болмады. Мен оқиға орнындамын. Ауданда ТЖ режимі енгізілді», деп мәлімдеді Абзелилов ауданы басшысы Ильдар Нафиков.