• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Желтоқсан, 2020

Қандай банкнот пен монета күмән туғызады?

492 рет
көрсетілді

Банкнот пен монетаны сараптау басқармасының басшысы Асхат Әбішев елімізде қандай банкнот пен монета күмән туғызатынын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Төлем құралының белгіленген көлемінің кемінде 70 пайызын сақтап қалған банкнот пен монета күмәнді болып саналады. Бұл санатқа бүлінген және бұрмаланған банкноттар да кіреді. Олардың түпнұсқа екенін анықтау қиын. Егер банкнот Ұлттық банк белгілеген банкнот талабының 50 пайыздан астамын сақтаса, мұндай купюраны ҚҰБ филиалдары түпнұсқалығы мен төлемділігін анықтау үшін сараптамаға қабылдайды. Сараптама түпнұсқа деп таныған банкноттарды пайдалануға болады», дейді ол.

Асхат Әбішев бұл тексеріс үшін адамнан қосымша ақша алынбайтынын атап өтті. Оның айуынша, осы жылдың 11 айында Ұлттық банк сараптамаға 1727 күмәнді банкнот пен монетаны қабылдаған. Соның ішінде 972 банкнот пен монета жарамды банкнотқа айырбасталған.

«Ұлттық банктің барлық филиалы Қазақстан аумағында қолданыста жүрген және заңды төлем құралы болып саналатын ұлттық валютаның төлем банкноты мен монетасын белгіленген құны бойынша қабылдайды», дейді Әбішев.