• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Қытайда 4 мың жылдық тарихы бар көне қаланың орны табылды

352 рет
көрсетілді

Қытай Халық Республикасы Ухань қаласындағы университет археологтары елдің шығысындағы Аньхой провинциясында шамамен 4,5 мың жылдық тарихы бар көне қаланың орнын тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Археологтар қаланың тік тұрған дуалдары мен қазылған орларын, сондай-ақ бірнеше тұрғын үйдің іздері мен тұрмыстық заттарды анықтаған. Қазба жұмыстары барысында топырақ астынан бұғының мүйізі, бас сүйектің қаңқасы, бидай мен күріштің тұқымдары табылды. Ғалымдар бұларды Хань әулеті (б.д.д. 206 ж. – б.д. 220 ж.) билеген кезеңдегі бұйымдарға жатқызып отыр.

«Мұның бәрі сол ескі замандарда бұл өңірлерде қайнаған тіршіліктің болғанын көрсетеді», – деді Ухань қаласындағы археология университетінің профессоры Хэ Сяолинь (суретте).

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар