Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 22 қылмыс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы жылдың 14-20 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына 6 705 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Бір апта ішінде бейнебақылау камералары көмегімен 22 жайт ашылды.
Олар: тонау – біреу, бұзақылық – екеу, автокөлікті заңсыз иемдену – біреу, ұрлық – 11 және басқада қылмыстар – жетеу. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.
Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 894 жайт анықталды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – 14 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 39, ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 22, жол ережесін бұзғандар – 674 , одан басқа да 145 жайт анықталды.