• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2020

«Қазпочта» 2027 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірледі

300 рет
көрсетілді

Ұлттық пошта операторы 2027 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірледі. Жаңартылған құжат компания қызметін белсенді цифрлық трансформациялауды көздейді. Бұл туралы бүгін брифинг барысында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компанияның стратегиялық даму бағыттарын қайта қарау 2020 жылғы пандемия дағдарысының және ұзақ уақыт карантинге байланысты тұтынушылық әдеттердің сөзсіз өзгеруінің салдары болды. Ең алдымен, e-commerce үлесінің артуы және online-сервистерді жандандыруы  болды.

Қанат Алпысбаев 2020 жылдың кейбір алдын ала қорытындылары туралы хабарлады. Атап айтқанда, халықаралық пошта жөнелтілімдерінің саны 30% - ға қысқарды, коммуналдық төлемдерді қабылдау/төлеу көлемі 13% - ға төмендеді. Ақша аударымдарының мөлшері 22% - ға төмендеді.

Осыған орай «Қазпошта» EMS жедел жеткізу сегментінде 15% - ға және сәлемдемелерді жөнелту/алу көлемі 30% - ға өскенін атап өтті.

Барлық деректер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың 11 айы үшін ұсынылған.

Сондай-ақ спикер атап өткендей, төлем карталары эмиссиясының (+74%) және осы сегменттегі компания кірістерінің (+58%) айтарлықтай өсуі байқалады. «Қазпоштаның»  төлем карталары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2020 жылдың 11 айында 804% - ға өсті.

Компанияның стратегиялық даму бағыттары туралы «Қазпошта» АҚ стратегия және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры Гаухар Әділова айтып берді.

Халықаралық пошта әкімшіліктерінің тәжірибесін және пошта-логистикалық қызметтер нарығындағы жалпы әлемдік үрдістерді назарға ала отырып, компания дамудың негізгі бағыттарын анықтады:

- e-commerce секторын дамыту үшін жеке экожүйені құру;

- ауқымды цифрлық трансформация;

- ұйымдастырушылық трансформация.

Спикерлер атап өткендей, бұл шаралардың барлығы «Қазпошта» АҚ-ға курьерлік жеткізу нарығындағы үлестің таяу жылдары қазіргі 20% - дан 60% - ға дейін өсуіне сенім артуға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жету үшін компания сапалы өзгерістерге елеулі назар аударуға, өз қызметтерінің ыңғайлылығы мен қол жетімділігін арттыруға, жеткізу уақытын азайтуға ниетті және өз клиенттеріне компанияның барлық қызмет түрлерін (қаржы, пошта, агенттік-брокерлік) біріктіретін жаңартылған мобильді қосымшалар ұсынбақ.

Сонымен қатар Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев «Қазпошта» АҚ бүгінгі таңда 3 728 бөлімшені қамтитын өзінің филиалдық желісін дамытуды жалғастыратынын атап өтті. Атап айтқанда, цифрлық трансформация ауылдық пошта бөлімшелерінің қызметіне әсер етеді, онда ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді online-форматта ала алады. Тұтастай алғанда компания бөлімшенің орналасқан жеріне қарамастан, өз өнімдері мен қызметтерінің барлық желісіне тең қол жеткізуді ұсыну қағидатын ұстанады.

«Халықаралық серіктестік тұрғысынан «Қазпошта» АҚ Халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін жандандыру жөніндегі жобаларға қатысуды кеңейтуге, логистикалық мүмкіндіктерді күшейтуге ниетті және шекара маңындағы өңірлерде бонд қоймаларын дамыту жөніндегі жобаны іске асыруды жалғастырады», деп хабарлады Қанат Алпысбаев.