• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2020

Қарағандыда тағы бір заманауи ферроқорытпа зауыты мен агломерациялық фабрика салынады

216 рет
көрсетілді

Қазақстанның Даму Банкі АҚ агломерациялық фабрикасы тағы бір суперзаманауи ферроқорытпа зауытының құрылысына Qaz Carbon ЖШС кредиттік желісін ашты. Жоба индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес келеді және «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаңа зауыт өнімдеріндегі қазақстандық қамту үлесі 100% құрайтыны өте маңызды фактор. Әлемдік жоғары сапа талаптарына сәйкес келетін өндірілетін өнім толығымен экспортқа бағдарланатын болады. Негізгі тұтынушылар АҚШ, Еуропа, Жапония, Корея, Түркия және ТМД елдері болады. Осыған байланысты, аталған жобаны іске асыру еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық экономиканың дамуына үлес қосады. Бұл жобаның бірегейлігі зауыт экологиялық таза болатындығында. Өндіріс процесінде мұнда ауаны ластамайтын газ тазалау жүйесі қолданылады. Қалдықтардың пайда болуын азайту және оларды қайта пайдалану қағидаттарының арқасында қоршаған ортаға барынша аз әсер етеді. Зауыт құрылысы кезеңінде 1000 - нан астам жұмыс орны құрылады, ал құрылыс аяқталғаннан кейін 400 отандасымыз тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте «YDD Corporation» ферроқорытпа зауыты мысалында осындай зауыттарды салу тәжірибеміз бар екенін атап өткім келеді», - деді «Qaz Carbon» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нығматулин.

Жаңа зауыттың құрылысы шеңберінде экономиканы технологиялық жаңғырту және өнеркәсіпті цифрландыру индустриясы 4.0 бағдарламасының барлық параметрлеріне сәйкес келетін әлемдік технологиялық әзірлемелерді қолдану және жаңа жабдықтарды орнату жоспарланып жатыр. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылады.

«Қарағандыда жаңа ферроқорытпа зауытын табысты іске асыру Қазақстанның металлургия өнеркәсібін дамытудың үлгісі ғана емес, елдің инвестициялық тартымдылығының жоғары көрсеткіші. Мемлекет тарапынан инвесторлар үшін нақты ойластырылған функционалдық сервис осындай жобаларды іске асыруға қосымша ұмтылыс береді. Жаңа ферроқорытпа зауытының өнімдері де әлемдік нарықта сұранысқа ие болады деп нық сеніммен айта аламыз. Өнім тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар сапа саласындағы барлық әлемдік өлшемдерге сәйкес келеді», - деп айтып өтті «Qaz Carbon» ЖШС шетелдік құрылтайшысы Давид Кемертелидзе.

Осындай ауқымды жобаны іске асыру елдің өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталу ел Президентінің инвестицияларды тартуға және осы саладағы еңбек өнімділігін арттыруға тікелей тапсырмаларын орындауға ықпал етеді.

«Жоба үш негізгі бағыт – импортты алмастыру, экспорттық әлеует және жоғары өнімділік бойынша банк мандатына сәйкес келеді. Жоба Қарағанды өңірінің дамуына айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық әсер етеді және қазақстандық өңдеу секторының дамуына ықпал етеді. Пайдалануға берілгеннен кейін жоба 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашады. Кәсіпорын құрылысы қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алатын өндіріске үздік халықаралық практикалар мен стандарттарды енгізу бойынша жоғары деңгей қояды. Сондықтан мен зауыт пен фабрика еліміздің басқа да ұқсас кәсіпорындары үшін үлгі болатынына сенімдімін», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл шілде айында Даму Банкі Қарағанды қаласында Көмірді байыту және қолданыстағы құю өндірісін жаңғырту бойынша фабрика құрылысына 7 жыл мерзімге 9,24 млрд теңге сомасына «Qaz Carbon» ЖШС кредиттік желісін ашты. Сол кезде жобаның жалпы құны 12 млрд теңге болған. ҚДБ қарыз қаражаты Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілген.