• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Желтоқсан, 2020

Оңдасын Оразалин тұрғындарды қабылдады

104 рет
көрсетілді

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин кезекті рет тұрғындарды қабылдап, олардың көкейтесті мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақ басшысының кезекті қабылдауына келген азаматтар жер учаскесін алу, баспана мәселесі, денсаулық сақтау, экология саласына қатысты сондай-ақ, тарихи-мұраларды сақтау бойынша ұсыныстар мен сұрақтарын жолдады.

Әрбір ұсыныс пен сауалға жіті назар аударған Оңдасын Оразалин қала әкіміне, жауапты басқарма басшыларына көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуін тапсырды.