• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Желтоқсан, 2020

«Брюссель әсері» технологиялық компанияларға да тиеді

209 рет
көрсетілді

НЬЮ-ЙОРК . Еуропалық комиссия таяуда цифрлы экономикаға қатысты негізгі ережелерді таныстырып, тағы бір жаһандық стандартты іске қосты. Үлкен технологиялардың ықпалын азайтуға арналған Цифрлы қызмет акті (DSA) және Цифрлы нарық акті (DMA) Apple, Amazon, Facebook, Google және басқа да АҚШ-та орналасқан үлкен компаниялардың бизнеске ықпалын төмендетуге ұмтылады. Еуропалық одақ аталған компанияларды интернеттің күзетшілері ретінде белгілеп, олардың нарықты жау­лап алған билігінің әсерін бақылауға алуды көздейді.

Жаңа ережелер АҚШ-тың технологиялық алпауыттары­нан миллиардтаған доллар айыппұл өндіріп алу және олар­дың іскерлік тәжірибелеріне өзгерістер енгізу үшін бірнеше рет қолданылған ЕО-ның моно­­полияға қарсы органын толық­тырады. Мысалы, DMA шең­берінде «өзін таңдау» секілді тәжірибелер «қара тізімге» енбек. ЕО бәсекелестікке зиян келтіргені үшін монополияға қарсы шағымданбаса да, заңсыз деп саналады.

Өз кезегінде DSA үлкен тех­но­ло­гиялық компанияларға алгоритм­дерін ашып көрсетуді немесе интернеттегі заңсыз яки зиянды мәліметті, соның ішін­де жек көру сөздері мен жал­ған ақпараттары бар контентті жою­­ды міндеттейді. Бұл қадам Еуро­пада да, одан тыс жерлерде де цифрлы экономиканы ай­тар­лықтай бақылау жасауға мүм­кіндік береді.

Осылайша, үлкен технология­лық компанияларға түсетін сал­мақ ауырлайды. Өйткені Еуропалық одақ заңнамаларының жаһандық ықпалы бар. Бұл – «Брюссель әсері» деп аталатын феномен. ЕО әлемдегі ең үлкен тұтынушы нарығының бірі болғандықтан, көптеген трансұлттық корпорация оны нарыққа кіруге төлем ретінде қабылдап, одақтың биз­неске қойған ережелерін қа­был­дайды. Әлемдегі бірнеше бақы­лау режімдеріне қаржы құймас үшін, аталған компаниялар Еуропалық одақтың ережесін жаһандық мақсатта қолданады. Сондықтан ЕО-ға кірмейтін елдердің көптеген компаниясы одақтың Жалпы деректерді қор­ғау заңнамасын (GDPR) бүкіл қыз­метіне пайдаланады.

Технологиялық компания­лар­дың басшыларына және ЕО-ның заңнамасын сынайтындар­дың қарсы әрекетіне таңғалу­дың реті жоқ. Олардың пайым­дауынша, одақ қадағалауда асыра сілтеп, протекционистік сая­сат ұстанып отыр. Бірақ Еуро­па­лық одақ АҚШ-тың табыс­ты технологиялық компаниялары­ның коммерциялық еркіндігіне әділетсіз түрде нұқсан келтір­мейді. Сондай-ақ АҚШ бақы­лау­шыларына кедергі келтіріп отырған жоқ. Егер ЕО ережелері АҚШ-тың ірі компаниялары үшін қымбатқа түссе де, америкалық көптеген ұсақ фирмалар одан пайда көреді. Жылдар бойы АҚШ-тың шағын компаниялары алпауыттарға қарсы тұру үшін елінің үкіметіне емес, ЕО-ға сенім артуға мәжбүр.

Сол сияқты, ЕО ережелері ғаламдық деңгейге жетуінің әсерінен америкалық интернет қолданушылары да пайда көрді. Олар жеке құпияны күшейтіп, интер­неттегі жеккөрінішті сө­з­дер­дің азайғанын қолдайды.

АҚШ-тың бұл салада әрекет етпеуі ЕО-ның бақылаушы ре­тін­де көтерілуіне жол ашты. Рет­теуді және техно-либерта­риа­низмді цифрлы экономиканы басқарудың тәсілі ретінде қабылдаған АҚШ ұзақ уақыттан бері ЕО-ның жаһандық нарыққа қатысты ережелерін белгілеуге сырттан қарауға мәжбүр. Мұн­дай бақы­лау Халық­аралық қатынастар мен реттеу ынтымақтастығынан бас тарт­­қан Трамп әкімшілігінің оқшаулануын күшейт­ті. Осы­лайша, аталған саладағы Еуропа­ның ықпалы  артты.

Бірақ АҚШ-тағы жағдай өзгеруі мүмкін. Заң шығарушылар мен сот орындаушылары Big Tech-тің шектен шығуы туралы сөз қозғай бастады. Жыл басын­да Өкілдер палатасы сот коми­теті цифрлы нарықтағы бәсеке­лес­тік туралы есеп жариялады. Бұл құжат осы салаға өзгеріс қажет екенін көрсетіп, АҚШ-тағы монополияға қарсы заң­дарын жандандыруға қатысты пікір­таласқа мұрындық болды.

Сонымен қатар АҚШ-тың әділет министрлігі Google-дің монополиялық тәжі­ри­белеріне қарсылық таныт­ты. Федералды сауда комиссия­сы, АҚШ-тың 46 штаты, Вашинг­тон, Гуам заңсыз монопо­лия­ға жол ашқаны үшін Facebook-ті сотқа берді. АҚШ-та про­грес­сивті монополияға револю­цияның басталғаны ма, әлде Конгресте жабулы күйінде қала ма? Бәлкім, монополияға қар­сы заңның шектеулі рөліне дағ­­ды­ланған консервативті ба­ғыт­тағы соттардың алдында тоқтай ма? Ол жағы әзірге белгісіз.

Қалай дегенмен, АҚШ тех­но­логиялық компанияларға қатысты ұстанымын өзгерткені дұрыс. Ел билігі компаниялардың ережесін қабылдауды доғарып, өзінің ережесін орындатқызуы керек. Әсіресе федералдық құпия туралы заңнан бастағаны жөн. Оны Microsoft, Facebook және Apple секілді алпауыт компаниялар қолдады.

Құпиялылық туралы заңды күшейту АҚШ-қа Еуропалық одаққа мәлімет жіберуді қайта қалпына келтіруге мүмкін­­дік береді. АҚШ-та жеке мәлі­мет­ті қорғау туралы заң әлсіз бол­ғандықтан, Еуропалық сот шешімімен мәлімет жіберу тоқтатылған еді. Сондай-ақ АҚШ азаматтарының жеке деректерін Қытай үкіметінің қадағалауына қатысты мәселені де оңтайлы шеше алады. Трамп әкімшілігінің қытайлықтарға тиесілі TikTok әлеуметтік медиа платформасына АҚШ нары­ғында тыйым салу жөніндегі ше­шімі америкалықтардың жеке дерек­терін қорғауға арналған ере­желерді алмастыра алмайды.

Қытайдың осы салада әлем­дік ықпалы артып келе жат­қандықтан, АҚШ-тың интернет саласын бақылаудағы бас­шылыққа ие болуы маңызды. Коммунистік партияға қатысы бар қытайлық компаниялар әлемнің түкпір-түкпіріне өзекті технологиялық инфрақұрылым жеткізумен айналысады. Сондай-ақ Қытай бірқатар елге жасанды интеллект арқылы бақылау жасау технологиясын жеткізіп беруге құмартып отыр.

Қытайдың интернеттегі ық­палын арттыру ниетін ескерсек, АҚШ Еуропалық одақпен тығыз қарым-қатынас орнатып, технологиялық компаниялар мен цифрлы экономиканы бақылауда тізе қосып жұмыс істеуі керек. Монополияға қарсы, қауіпсіздік, салық мәселелеріндегі пікір­та­ласты шешуге болады. Бас­тысы, негізгі басымдық тран­с­ат­ланттық мәселеге арналуға тиіс.

АҚШ президенттігіне сайлан­ған Джо Байден әкімшілігі Еуро­палық одақтың цифрлы эконо­микаға қатысты көзқара­сына қарсы күресудің орнына, осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуі керек. Ең маңыздысы, Атлант мұхи­тының екі жағындағы тұрғындар либерал­ды демократияға негіз­делген, жеке құпиясы сақталатын интернетті қажет етеді.

 

Ану БРЭДФОРД,

Колумбия заң мектебінің Заң және халықаралық ұйым жөніндегі профессоры, «Брюссель әсері:

Еуропалық одақ әлемді қалай басқарады?» кітабының авторы

 

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org