• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Желтоқсан, 2020

Шетелдік азаматтарды қабылдау тәртібі түсіндірілді

158 рет
көрсетілді

Павлодар облысының ПД қызметкерлері облыс тұрғындарына шетелдік азаматтарды қабылдау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік азаматтың төлқұжатын тіркеу талап етілмейді. Енді шетелдік азаматқа көші-қон қызметіне баруға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Мұны оларды қабылдаушы тарап жасайды. Мысалы, келу мақсатына қарамастан, қонақ үйге орналасқан шетелдік туралы осы қонақ үйдің қызметкері vmp.gov.kz порталы арқылы бір-екі минуттың ішінде хабарлай алады.

Қабылдаушы тарап келген көшіп келушілер туралы олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал жұмыс беруші кәсіпорынға келгені туралы хабарлауға міндетті. Бұл ретте хабарлама шетелдік азаматтың Қазақстанға келгені туралы ғана емес, тұрғылықты жерін ауыстырған немесе өзге облысқа кеткен кезде де жіберіледі.

16-19 желтоқсан аралығында көші-қон қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қонақ үйлер, хостелдер және жалға берілетін пәтерлердің иелерімен көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша рейдтер өткізді. Рейдтер барысында 54 нысан қамтылды, олардың иелеріне буклеттер таратылып, түсіндіру сипатындағы әңгімелер жүргізілді.