2013 жылғы 6 желтоқсан Астана қаласы
Демалыс күнін ауыстыру туралы
Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2013 жылғы желтоқсан мен 2014 жылғы қаңтарда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Демалыс күні 2013 жылғы сенбі 28 желтоқсаннан – жұма 2014 жылғы 3 қаңтарға ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ, құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 3 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.