• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Желтоқсан, 2020

Freedom америкалық брокерді сатып алады

143 рет
көрсетілді

Freedom Holding Corp. (Nasdaq: FRHC) 18 желтоқсанда Қаржы институттарының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің  (FINRA) тарапынан тұрақты мүшелік құқығына өтінімді мақұлдағаннан кейін Prime Executions Inc брокерлік-дилерлік компаниясын сатып алады, деп жазады Egemen.kz  

Мәмілені жабу отыз күнтізбелік күн ішінде жоспарланып отыр. Prime Executions компаниясына сатып алу Холдингтің әлемдік орнын кеңейтіп, АҚШ-та дамуы үшін жағдайлар жасайды.

СЕО, Freedom Holding Corp. жетекшісі Тимур Турлов  Біз Prime Executions Inc. компаниясын сатып алғанымыз жайында қуана хабарлайтынын, бұл компанияның Нью-Йорк қор биржасында беделі жоғары әрі біз соңғы 30 жылда клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсететін, нарықтың мықты брокерлері мен сарапшыларынан құралған командамен жемісті ынтымақтастық қатынасқа үміттенетінін айтты.

– Аталған мәміле Freedom Holding Corp. үшін маңызды жағдай. Себебі бұл мәміле арқылы біз АҚШ нарықтарына шыға аламыз және, сәйкесінше, өз клиенттерімізге нарықтық мәмілелерді тиімді әрі уақтылы жасайтынына кепілдік береміз. Біз үшін бұл – үлкен мақтаныш, себебі қадағалауға жауапты америкалық реттегіш АҚШ-тың ішкі нарығының клиенттерімен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырып отыр. Prime Executions Inc. компаниясын сатып алып, АҚШ және Еуразия нарығының қатысушыларына нарықаралық қаржы мүмкіндіктерін ұсына отырып, өз бизнесімізді кеңейте аламыз деген үміттеміз, – дейді ол.

Холдинг Prime Executions Inc. компаниясының айналыстағы акцияларын Компанияның Директорлар кеңесі мүшесі ретінде жұмысын жалғастырушы Эндрю Сильверманнан және Дэниель Тэндиден сатып алды.

Prime Executions Inc. компаниясының Президенті және Бас атқаршуы директоры лауазымына Роберт Вотзяк тағайындалды. Вотзяк мырзаның NYSE басқарушы лауазымдары кіретін, капитал және әкімшілік басшылық ету нарықтарында консультация беруде 30 жылдық тәжірибесі бар. Роберт Вотзяк компанияда соңғы екі жылда консультант ретінде қызмет атқарды және Президент лауазымында бизнесті одан әрі дамытумен айналысады.

Бір айта кетерлігі, Freedom Holding Corp. компаниясы MSCI U.S. Small Cap 1750 және MSCI U.S. Investable Market 2500 индекстеріне кіргізілген болатын. MSCI U.S. Small Cap 1750 индексі аз капиталдандыру сегментінің тиімділігін өлшейді. Ол 2003 жылғы 27 наурызда іске қосылды және АҚШ-тың қор нарығында анағұрлым кең U.S. Investable Market 2500 индексінде қалған ең аз 1750 компаниядан тұрады. Әйгілі қор индексінің тізімінде болу - Freedom Holding Corp компаниясының мойындалғанын және оған деген халықаралық деңгейде сенімділікті білдіреді.

FINRA (Financial Industry Regulatory Authority) немесе Қаржы институттарының қызметін реттеу жөніндегі агенттік бұл – АҚШ-та ең ірі, тәуелсіз реттегіш ұйымдардың бірі. FINRA 2007 жылы құрылды және күн сайын миллард нарықтық жағдайға талдау жүргізе отырып, бүкіл ел бойынша 624 000 астам брокердің жұмысын бақылайды. Агенттік нарықты мұқият қадағалап, инветосторларға, реттегіш органдарға, саясаткерлерге және басқа да мүдделі тараптарға айтарлықтай қолдау көрсету үшін, жасанды интеллектінің және машиналық оқудың инновациялық технологияларын пайдаланады.

Prime Executions Inc. бұл – АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген, NYSE, NASDAQ, FINRA және SIPC мүшесі болып табылатын брокерлік-дилерлік компания. Компания 1986 жылы құрылды және қазіргі уақытта айына орташа есеппен алғанда 630 млн акцияға сауда-саттық жүргізу үшін көптеген алаңға кіруге мүмкіндігі бар. Компанияда білікті қызметкерлер жұмыс істейді және инвесторлардың кеңейтілген аясының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық қолжетімді технологиясы бар. Компания жайында қосымша ақпаратты www.primexe.com веб-сайтында табуға болады.

Freedom Holding Corp. бұл қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялар мәселелері бойынша консультация беруді, бағалы қағаздардың сауда-саттығын, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді өзінің «Freedom Finance» еншілес компаниясы арқылы жүзеге асыратын холдинг. Компания Қазақстан қор биржасының (KASE), Astana International Exchange (AIX), Мәскеу биржасының (MOEX), Санкт-Петербург биржасының (SPB), «Тошкент» Республикалық қор биржасының (UZSE) және Украина биржасының кәсіби қатысушысы болып табылады. Компанияның бас офисі Қазақстанда, Алматы қаласында орналасқан, ал оның әкімшілік офистері Ресейде және АҚШ-та орналасқан. Компанияның Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Украинада, Өзбекстанда, Германияда және Кипрде филиалдары бар.

Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market биржасында, Қазақстан қор биржасында және Санкт-Петербург биржасында сауда-саттыққа түседі.