17-22 желтоқсан аралығында Ақтауда Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 14 облыстан, Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларынан барлығы 273 дзюдошы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дзюдодан елордалық құраманың екі спортшысы алтын медаль жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта Ақмарал Науатбек Ғалия Тынбаеваны жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды, ал Мәди Амангелді финалда Абылайхан Жұманазарды (Қызылорда облысы) ұпай бойынша жеңіп, 81 келіде чемпион атанды.
«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Карантинге байланысты жарыстар өтпеген соң, балаларға тактикалық тұрғыдан қиын болды. Бірақ біздің спортшылар, жоспарлағандай, екі алтынға қол жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды», - деді дзюдодан Нұр-Сұлтанның аға жаттықтырушысы Мейірлан Баймаханбетов.
Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.