Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Онда жаңа жылда аяз ата мен ақшақарды үйге шақыруға болмайтыны айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ойын-сауық, спорттық iс-шараларды, көрмелердi, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, мерекелiк, естелiк iсшараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), сонымен қатар үйде және адамдар көп жиналатын өзге де iс-шараларды (10 адамнан астам) өткiзуге тыйым салынсын», делінген қаулыда.
Айта кетейік, 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Қазақстанда шектеу шаралары күшейтіледі. Осыған байланысты барлық мекемелер мен ұйымдарда жаңа жылдық ойын-сауық шараларына, аниматорларды, яғни, Аяз ата мен Ақшақаp және басқа жаңа жылдық кейiпкерлерді шақыруға тыйым салынады.