• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Тағайындау 24 Желтоқсан, 2020

Азамат Асқарұлы жаңа қызметке тағайындалды

343 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Асқарұлы «QazTrade «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдыңғы ақпараттарда хабарлағанымыздай, Үкіметтің қаулысымен А.Асқарұлы Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін, 2016 жылы Гонконг ғылым және технология университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстан темір жолы Экспресс» АҚ жұмыс істеді.

Сонымен бірге, Гонконг қаласындағы «KTZ Express Hong Kong» ЖШҚ басқарды. 2016-2019 жж. Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі болды. 2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.