• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Хоккей 25 Желтоқсан, 2020

Азулы «Авангардты» ұтты

130 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның «Барысы» сырт алаңда Омбының «Авангард» клубымен өткізді.

Тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде төртінші орында тұрған Боб Хартлидің шәкірттеріне қарсы кездесуде «Барыс» барын салды. Бәсеке басталған бетте Роман Старченко есеп ашса, 8-минутта Кирилл Семенов таразы басын теңестірді. Бұл голдардың екеуі де командалардың бір ойыншысы артық кезде соғылды. Екінші кезеңде алма-кезек шабуылдар жалғасты. Тек үзіліске санаулы секундтар ғана қалғанда тағы сан басымдығын ұтымды пайдаланған Якоб Лилья қонақтарды алға шығарды. Үшінші кезең де дәл сол сценарий бойынша өрбіді. Екі командада да жақсы мүмкіндіктер болғанымен, ұзаққа дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Десек те шешуші тұста ширақ қимылдаған қазақстандық хоккейшілер тағы бір шайбаны қақпаға енгізіп, бәсекенің соңғы нүктесін койды. Бұл голдың авторы – Филип Вароне. Есеп – 3:1. Сөйтіп «Барыс» кейінгі 9 ойынының 8-інде жеңіске жетті.

Осылайша, қатарынан төртінші кездесуде жеңіске жеткен «Барыс» жарыс кестесіндегі жағдайын біраз жақсартып, өз көрермендерін қуантты. Қазір олар тұрақты біріншілікте 15-орында келеді. Қоржынымызда 41 ұпай бар. Енді жерлестеріміз 26 желтоқсанда Хабаровскінің «Амурын» қабылдайды.