25 желтоқсандағы соңғы деректер бойынша елімізде 23 627 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
25 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде 23 мыңнан аса адам індеттен емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 738 пациент стационарда, 18 889 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында 243 адамның жағдайы ауыр, 44 пациенттің жағдайы өте ауыр, 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.