• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Желтоқсан, 2020

Әскери қызметші шаңғы жарысынан әлем чемпионатына іріктеуден өтті

137 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Темірлан Төлегенов FIS жарыстарының күнтізбесіне кіретін шаңғы жарысынан Қазақстан Кубогында күміс медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыс Щучинск қаласының Ұлттық шаңғы спорты орталығында өтті. Жүлделі орын үшін Қазақстанның 11 өңірінен келген спортшылар, сондай-ақ шетелден, оның ішінде Беларуссия мен Ресейден келген шаңғышылар бақ сынасты.

Турнир барысында 15 километрге еркін стильдегі жеке жарыста армиялық спортшы қатардағы жауынгер Темірлан Төлегенов екінші орын алып, 2021 жылы Финляндияда жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысуға іріктеуден өтті.