• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Білім 25 Желтоқсан, 2020

Үшінші тоқсанда елордалық оқушылар қалай оқиды

312 рет
көрсетілді

11 қаңтарда үшінші - оқу жылындағы ең ұзақ тоқсан басталады. 1-5 сынып оқушылары да «кезекші сынып» режимінде білімін жалғастырады. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоаралық комиссия шешімімен оқу орындарының жұмысына өзгертулер енгізілді.

«Үшінші тоқсанда бітіру сыныптары (9, 11, 12 сыныптар) кезекші сабақ принципі бойынша аралас форматта оқуды бастайды. Сыныптағылар саны 15 адамнан аспайды. Офлайн сабақ кестесіне инвариантты компоненттің пәндері кіреді: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарих. Бұл пәндердің 70%-ы.

Қалған 30% пәндер қашықтан оқу форматында өтеді. Бұл информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негіздері, алғашқы әскери дайындық. Сондай-ақ ауыспалы компоненттің тақырыптары кестеге сәйкес асинхронды түрде өтеді», - деді Ш.Қадырова.Биылғы оқу жылында елордада 9-сыныпта 13 215, 11-сыныпта 7567 бала оқиды.

«Мектептерде икемді кестелер болады, сабақтар арасындағы үзіліс әр сыныпқа әр түрлі уақытта болады, ал әлеуметтік алшақтық үшін ауысым көбейтіледі. Бір сабақтың уақыты 5 минуттық үзіліспен 30 минуттан аспайды», - деп түсіндірді спикер.Білім беруді жаңғырту орталығы үшінші тоқсанда қаланың барлық мектептері басшылыққа алатын әдістемелік ұсыныстар, кесте жасады. Сабақ кестесін құру кезінде жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, олардың қабілеттері мен қажеттіліктері, сондай-ақ 11-сынып оқушыларының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуі және кіріктірілген сабақтарды өткізу мүмкіндігі ескерілді.«Сонымен бірге ата-аналар мен мұғалімдердің келісімімен мектеп оқушыларының білім алуда жоғалтқан уақытының орнын толтыру және сабақтан тыс кезле қорытынды аттестаттауға дайындалу мақсатында 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады. Сабақтың уақыты кестеге сәйкес. Бұл шешім ата-аналар мен мұғалімдердің пікірін ескере отырып қабылданды. Өздеріңіз білетіндей, оқу жылының соңында бітіруші сыныптар қорытынды аттестаттаудан және ҰБТ-дан өтеді. Бұл мәселеге ерекше назар аудару керек», - деді Ш. Қадырова.

Айта кетейік, мектептердегі барлық іс-шаралар мен сабақтар санитарлық нормаларға сәйкес өтеді.