• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Желтоқсан, 2020

Қаңтар айында ауа райы қандай болады

897 рет
көрсетілді

Синоптиктер қаңтар айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Консультативтік болжамға сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болжануда, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп,  солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерде нормадан аз болжанады.

Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерде бірнеше суық толқындар күтіледі. Ауа температурасының едәуір төмендеуін қаңтардың екінші жартысында болжанады, ауа температурасы:

солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін;

республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін;

оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.