• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Желтоқсан, 2020

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздікті сақтау іс-шаралары күшейтілді

367 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев қалада жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шараларының сақталуы бойынша баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент бастығының мәлімдеуінше, мереке кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Бірінші кезеңде ірі сауда орталықтарында, базарларда қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Адамдар көп жиналатын нысандар ерекше бақылауда. 

Департамент бастығының мәлімдеуінше, мереке кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Бірінші кезеңде ірі сауда орталықтарында, базарларда қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Адамдар көп жиналатын нысандар ерекше бақылауда. 

Екінші кезең бойынша Шымкент қаласының Полиция департаментімен бірлесіп пиротехникалық заттарды сататын базарлар мен ірі сауда орындарында (Бекжан, Самал, Алаш, Айна, Ақбар, Қырғы базарлары және Мега орталық, Баян Сұлу, Магнум базарлары) рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. 

– Мереке кезінде қала аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау, болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралары атқарылуда. Пиротехникалық бұйымдар сатылатын ірі сауда үйлерінің, базарлардың  басшыларымен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, пиротехникалық заттар сатылатын ірі сауда орындары мен базарлар бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Пиртоехникалық заттарды сақтау және сатуға лицензия болмаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады, – деді департамент басшысы. 

Қалада бүгінге дейін 21 рейдтік іс-шара өткізіліп, 4 хаттама толтырылған. Мадияр Есенгелдіұлы санитарлық нормаларды сақтау, қауіпсіздік ережелеріне мән беру бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.