• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Желтоқсан, 2020

Елордада Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы 650 бала марапатталды

301 рет
көрсетілді

Жаңа жыл қарсаңында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар 650 балаға сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл пандемияға байланысты барлық ертеңгіліктерге тыйым салынды, сондықтан Аяз ата мен Ақшақар әр балаға жеке құттықтаулармен барады. Кездесулер барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

«Биыл әр балаға Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары әкімдікпен жеке жеткізіледі. Бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200 жетім бала. Балаларға құттықтау хаттар, кітаптар, киім сатып алу үшін 100 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Сондай-ақ 450 балаға әкімнің атынан сыйлықтар табыстадық. Олар: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы балалар. Дарынды балалар да құттықталады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Қалтаға тәтті сыйлықтар, дамытушы ойыншықтар мен киім дүкенінен сертификаттар салынған.

"Балалар бізді әрқашан шынайы күлімсіреп қарсы алады және кез-келген көңілге қуанады. Шын жүректен жаңа жылда бейбітшілік, жылулық пен келісім тілеймін", - дейді құттықтаушылар.

Бұған дейін хабарланғандай, «30 игі іс» акциясы аясында еріктілер ерекше балалар мен толық емес отбасы балаларына қойылымдар қойды. Сонымен қатар, «Жас сарбаз» қозғалысы мен әкімдік өкілдері Ақкөлдегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады.