• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Экология 25 Желтоқсан, 2020

ЭкоАсар акциясы аясында 30 тонна қайта өңделетін материал жиналды

484 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы мен білім беруді жаңғырту орталығы «ЭкоАсар - игі істер марафоны» бастамасының 2-кезеңінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Акция нәтижесінде 30 тоннаға жуық қайта өңделетін шикізат жиналды. Ақша сертификаттарына «Абай» кітаптар үйінен білім беру ұйымдарына көркем әдебиет сатып алынды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары - 22 балабақша - 13 650 тонна макулатура жинап, ақша сертификаттарына 605 дана кітап сатып алды. 39 мектеп 13 332 тонна макулатура жинап, ақша сертификаттарына 419,840 мың теңге 362 дана кітап сатып алды.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Приключения Гринэйков» экологиялық ертегілер жинағы және «Рожденные мечтать» комиксі ұсынылды. Балаларға арналған басылым бес бөлімнен тұрады және сиқырлы Тазақала қаласының кішкентай және батыл тұрғындарының оқиғаларын қамтиды. «Рожденные мечтать» - бұл жасөспірімдер экологиялық проблеманы шешу үшін күш біріктіретін графикалық роман.

Барлық санитария нормаларын сақтай отырып өткізілген іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталды. Барлық балаларға - бастамаларға қатысушыларға сыйлық ретінде № 83 мектеп-гимназиясының оқушылары мен «Современник» халық театры актерлерінің қатысуымен «Экологическая сказка для друзей!» қойылымы көрсетілді.