• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Бас прокуроры АҚШ-та әріптесімен кездесті

256 рет
көрсетілді

Кеше, 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Америка Құрама Штаттарына сапары барысында АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдермен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесі Вашингтон қаласында өтті. Оның барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымы, оның ішінде келісім-шарт базасын кеңейтіп, нығайту және қылмыстық-құқық саласындағы құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар өзара іс-қимыл жасасудың қол жеткізілген деңгейіне қанағаттанушылық білдірді.

А.Дауылбаев Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстық істерді тергеу ісіне көмек көрсете отырып, америкалық құзырлы органдармен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсетті. Сонымен қатар федералдық тергеу бюросы мен есірткілермен күрес жөніндегі федералдық агенттіктің тараптарынан Қазақстанның құқық қорғау органдарына көрсетіп отырған көмектері үшін алғыс білдірді.

Бас прокурорлар ұйымдасқан және трансұлттық қылмыстармен, терроризммен және экстремизммен, киберқылмыстармен, есірткінің заңсыз айналымымен және қылмыстық жолмен табылған пайданың заңдастырылуымен күрес сияқты салалар бойынша сындарлы байланысты орнату мен дамытуға, тәжірибе және мамандар алмасуға екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының өзара қызығушылығы зор екендігін айтты.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ Бас прокурорлары өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум бекіту мәселесін пысықтау туралы келісімге келді.

Сәкен Майлыбай.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар