• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2013

Ғалымдар: осы жүз жылдықта адамның орта жасы 120 болады

320 рет
көрсетілді

«Осы жүз жылдықта Жердегі адам өмірінің орта жасы 120-ға жетеді», – деп мәлімдеді антропологияға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Ресей үкіметі жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі Сергей Градировский. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Дамыған елдерде 30 жылдан кейін адам өмірінің орта жасы 120 болмақ. Бұл көрсеткішке Ресей 40-45 жылдан кейін жетеді», – дейді ғалым.

Сергей Градировскийдің айтуы бойынша, адам өмірінің ұзаруы тарихи заңдылық. Мұндай жағдай соңғы бірнеше жүз жылдықтың ішінде екі рет байқалған. «Қазірдің өзінде дамыған елдердегі адамдардың орта жасы 90-ға таяп қалды. 10 мемлекетте әйелдер арасындағы бұл көрсеткіш 85-тен асқан», – деді ол.

Ғалымның пікірінше, адам өмірін ұзартуға жоғары технологиялық медицинаны дамыту мен салауатты өмір салтының ықпалы зор.

Антропологияға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда адамды жан-жақты қалыптастырып, дамытудың түрлі тұжырымдамалық, жобалық, тәжірибелік жолдары қарастырылды. Оған Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Ирландия, Мексика, Франция мен Швейцария ғалымдары қатысты.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар