Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес төрт ай бұрын құрылған Шымкент қаласындағы "SHANYRAQ" отбасы институтының жұмысы жанданып, нақты нәтижелер көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Осы жылдың қыркүйек айында жұмысын бастаған орталық қызметіне 4029 аз қамтамасыз етілген және көп балалы ана жүгінген. Оларға орталық мамандары ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, еGov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер ұсынған.
Сонымен қатар мамандар 2148 отбасымен телефон арқылы байланысып, тиесілі азық-түлік үлестері бойынша анықтау жұмыстарын жүргізген.
"SHANYRAQ" институты көп балалы және мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қаладағы 26 мекемемен бірлескен түрде жұмыс жүргізіп келеді.
Орталық мамандарымен 48 кездесу, 7 бизнес-тренинг, 9 психологиялық-тренинг өткізілген.
Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.