• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Желтоқсан, 2020

Атыраудағы Индер ауданында «Ашық әкімдік» ашылды

375 рет
көрсетілді

Жаңа жоба аудан әкімдігінің ғимаратында жұмысын бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Сүлейменовтің айтуынша, «Ашық әкімдік» кеңсесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін қолға алынды. Басты мақсат – тұрғындардың өтінішіне ден қойып, олар кезікке мәселелердің тез шешімін табуына ықпал ету. Сондай-ақ  сыбайлас жемқорлық әрекетінің алдын алып, жолын кесуді көзделіп отыр.

«Аталған жоба – «open space» форматында халыққа қолайлы жағдай қалыптастырудағы ең оңтайлы нұсқа. Мұнда тұрғын үй кезегі, әлеуметтік сала, жер мәселелері бойынша арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышы да бар. «Ашық әкімдік» кеңсесінде 104 мемлекеттік қызметтің 34 түрін бірден алуға болады» дейді аудан әкімі Мейірім Қалауи.

Аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдік» кеңсесінде балаларға арналған ойын алаңы жасақталды. Мұнда аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелермен  қабылдайды.