ADAL партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Қазақстан халқының ұсыныс-тілектері, партияның үгіт-насихат жұмыстарының аралық нәтижелері туралы, сондай-ақ Қазақстанның жаңа Экологиялық кодексінде көрсетілген маңызды өзгерістер туралы айтты.
Партияның саяси кеңесінің мүшесі, кандидат Олжас Ордабаев партия жүргізген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының кейбір нәтижелері туралы хабарлады.
«Бүгінгі күні еліміздің барлық аймақтарында партия мүшелері халықпен 4216 кездесу өткізді, оған 95 мың адам қатысты. Партияға мүше болуға 200 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл азаматтардың сенім білдіргенін, ADAL сайлауалды бағдарламасын қолдағанын білдіреді», деді Олжас Ордабаев.
Тұрғындар көтерген түйткілді мәселелер туралы айта отырып, ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелердің өзектілігін атап өтті. «Көптеген адам үшін үйде газдың, тұрақты ауыз судың болуы – арман», деді кандидат.
Оның айтуынша, тұрғындардың елді мекендерінің негізгі проблемаларына жұмыссыздық, баспана жетіспеушілігі, азық-түлік бағасының өсуі және жолдың нашарлығы жатады.
«Әрбір түйткілді мәселе бекітіліп, ол бойынша жұмыс істеледі», деп сендірді Олжас Ордабаев.
ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат, Тәжірибелі экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Мәлікова Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі туралы айтты. Бұл ADAL партиясының Instagram парақшасындағы тікелей эфир кезінде сөз болды.
Айта кетейік, Лаура Мәлікова – жұмыс тобының мүшесі ретінде заң жобасын қарауға қатысқандардың бірі. Жаңа Экологиялық кодекс осы жұмыс тобының ұсыныстары негізінде және Еуропалық одақтың тәжірибесін ескере отырып әзірленді. Өйткені бұл тәжірибе бірқатар елде атмосфераға шығарындылар көлемінің нақты айтарлықтай азаюын көрсететіндігімен ерекшеленеді.
«Экологиялық мәселелер – ең маңызды мәселелердің бірі! Бұған біздің халықпен кездесулеріміз, талдауымыз дәлел. Мысалы, тек Өскеменнің өзінде 8000-нан астам отбасы экологиялық жағдайды жақсарту мәселесі ең маңызды екенін атап өтті», деді Лаура Мәлікова.
Оның айтуынша, жаңа кодекс ауыз судың сапасын жақсартуға, өнеркәсіптік кәсіпорындардан атмосфераға шығарындыларды азайтуға, ауаны, қоршаған ортаны тазартуға, сонымен қатар тұрғындар арасында аурушаңдықты азайтуға көмектеседі.
Бұл құжат спикер атап өткендей, «жасыл» технологиялардың дамуына серпін береді.
Жалпы, эколог еліміздегі экологияны жақсарту ADAL партиясының сайлауалды бағдарламасының басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Айта кетейік, ADAL партиясы атынан Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына үміткерлер ел ішінде халықпен кездесулер ұйымдастырып, партияның сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келе- ді.