• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Қаңтар, 2021

ШҚО-да 3 адам аязды күні жолда қалған

216 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында аязда жолда қалған 3 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда сағат 16.00 шамасында №38 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары Ұлан ауданында жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті. Белгілі болғандай, «Өскемен-Семей» тасжолында келе жатқан «Subaru outback» маркалы көлік бұзылып қалған.

«Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар үш адамды ең жақын орналасқан Таврия ауылына жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.