• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2021

БҚО-да педофил болуы мүмкін күдікті ұсталды

568 рет
көрсетілді

БҚО-дағы қыстаулардың бірінде жасөспірім қыз бірнеше рет зорланған. Қылмыс 2016 жылдың жазында болған, алайда ол туралы енді ғана белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы жергілікті «Мой ГОРОД» басылымы ақпарат таратты.

Басылым таратқан мәліметтерге сай, былтыр қыркүйекте күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 121-бабына сәйкес «Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалды зорлау әрекетін жасау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Тергеу барысында жаңа жағдайлар анықталды. 33 жастағы ер адам 2016 жылдың жазында Теректі ауданында қыстаудағы үйінде кәмелет жасына толмаған қызды бірнеше рет зорлаған. Ол кезде қыз 11 жаста болған, қазір 15-те», деді полицейлер.

«Қазір ер адам тергеу изоляторында. ҚР ҚК-нің 121-бабы "Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалды зорлау әрекетін жасау" және 124-бабы "Кәмелет жасына толмағандарды бірнеше рет зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», деп қосты полиция өкілдері.