• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 08 Қаңтар, 2021

Шымкентте 51 мыңнан астам тұрғын сапалы интернетпен қамтылады

365 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында сапалы интернетпен қамтудың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жоба бойынша 27 елді мекенге базалық станса орнатылса, 16 тұрғын алапты оптикалық желімен қамту жұмысы жоспарланған.

Оптикалық желі үшін жеке инвестор тартылды. Қазіргі таңда 16 тұрғын алаптың координаты жолданып, желіні электр бағанасы арқылы жүргізуге келісім алынды. Бұл жұмыстардың аяқталу мерзімі осы жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленіп отыр.

Өткен жылы шалғай аудандарды интернетпен қамтудың бірінші кезеңінде 11 елді мекенге базалық станса орнатылған еді. Соның ішінде Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай), тұрғын алаптарында стансалар толық іске қосылды.

Асар, Шымсити, Ақтас-2, Асар-2, Айкөл, Тұран және Шымсити-2 шағын аудандарында базалық стансаларды электр энергиясына жалғау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бірінші кезең бойынша орнатылған базалық станциялардың барлығы іске қосылса, 51 668 адам сапалы интернетке қол жеткізеді.

Ал Айкөл тұрғын алабына базалық станса орнату жөнінде Kcell байланыс операторымен келісім жасалды. Басзалық стансаны орнату жұмысы қаңтар айының соңында басталады.