• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Қаңтар, 2021

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

223 рет
көрсетілді

Серік Жәмекұлы Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлік таратқан ақпаратқа сілтеме жасап. 

Бұған дейін ол министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

Серік Оспанов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2010 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары ол Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты болды.