Қазақстанның 12 өңірінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 12 өңіріндегі 8 144 сайлау учаскесі жабылды. Қазір уақыт белдеулерінің шекарасына сәйкес, 5 өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр.
Бұл өңірлерде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20:00-де, ал астана уақытымен 21:00-де аяқталады.
Сонымен қатар Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері жанынан ашылған 10 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беріп болды. Шетелдегі 56 учаскеде дауыс беру жалғасуда.
Айта кетерлігі, 11 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 07:00-де Америка Құрама Штаттары мен Канададағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді аяқтайды.