• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Қаңтар, 2021

Партия төрағалары дауыс беруге қатысты

270 рет
көрсетілді

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев елордадағы №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Отандастарымыз, халқымыз бүгінгі сайлауға келіп, жүрек қалауымен өз дауыстарын беріп жатыр. Сол дауыстардан біз­дің партиямыз да үмітті. Көп жұмыс атқардық. Сайлауалды үгіт-на­сихат жұмыстарының аясында түрлі шараларды қолға алдық. Жоспарлаған дүние­міздің бар­лығын іске асырдық деп ойлаймын. Мен өзім бұған дейін де көптеген сайлауға қа­тыс­тым. Алайда бұл сай­лау­дың орны бөлек. Өйт­кені партия­лар арасында шынайы тартыс жүрді. Еліміздегі бар­лық сая­си партияларға тең мүм­­кіндік берілді. Әрбір партия өз мүм­кін­дігін барынша көрсетіп, сай­­­­­лау­­шылардың дауысын жинау үшін елді аралап, үгіт-насихат жұ­­­­мыс­тарын жүргізді, – деді Ә.Бек­­таев.

Оның айтуын­ша, осы жылғы сайлау ерек­ше жағ­дайда өтіп жатыр. Пан­де­мия­ға байланыс­ты үгіт-наси­хат жұ­мыс­тары да санитар­лық талап­тарға сай ұйым­дас­ты­ры­лыпты. Отан­­даста­рымызға түсіндіру жұ­­мыс­тары да жан-жақты жүргі­зіл­ген көрінеді.

– Енді ел азаматтары да өз болашағы үшін дұрыс таңдау жа­сауы қажет. Үгіт-насихат жұ­­мыс­тары толық заң аясында жүргізілді. Орталық сайлау комиссиясында, мемлекеттік құзырлы орган­дарда және бұқа­ралық ақпа­рат құралдарында бар­лық партиялар үшін ортақ мүм­кіндік бе­рілді. Әрине әлемді әбігерге сал­ған пандемияның үгіт-наси­хат жұмыстарына да ке­дергі кел­тір­генін бәріміз білеміз. Сондықтан үгіт-насихат науқаны кезінде са­ни­тарлық талаптарды барынша қатаң сақтауға тура келді. Әсі­ресе сайлаушылармен кездесу кезінде сақ болуға тырыстық. Ең маңыздысы сол, елі­міздің әрбір азаматы өзінің конституциялық құқығын дұрыс әрі еркін пайдалана білгені жөн, – деді партия төрағасы.