• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2010

“ІШІМДІК ҚОЛДАНБАЙТЫН ҰЛТ”

594 рет
көрсетілді

НЕМЕСЕ ЖАРНАМАНЫҢ ТАУСЫЛМАЙТЫН ЖЫРЫ Жарнама жайында, әсіресе, оның мемлекеттік тілдегі мәтін­дерінің ора­шолақ, кейде тіпті түсі­нік­сіз екендігі жайын­да соңғы кез­дері жазбаған газет жоқ десек, қате­лесе қоймаспыз. Бірақ тиісті орын­дар тарапынан бұған әлі күн­ге дейін ешқандай шара қолданыл­май келеді, тіпті көңіл бөлінбей отыр деуге болады. Енді өз көзім­мен көр­ген мына бір сорақылық­тар жайында аға газетке жазуға мәжбүр болып отырған жайым бар. Бұған Алматы қаласының Нау­рыз­бай батыр мен Сәтбаев көше­лері­­нің қиылысындағы, яғни қала­ның қақ ортасындағы Жаңа алаң­ның жанына ілінген үлкен бил­бордтағы жарнама­­ның мәтіні се­беп болды, ол ірі әріп­термен бады­рай­тып тұрып “Ішімдік қолдан­байтын ұлт – дені сау қоғам” деп жазылыпты. Астыңғы жағындағы орысшасына қарасам, “Трезвая нация – здоровое общество” екен. Сонда қалай болғаны? Қазақ іше­тін нәрселерді, мысалы судан бас­тап сүт пен айранды, қымыз бен шұбатты, шы­рын мен шалап­ты және жалпы су­сын атаулыны қолданды деп айтатын ба еді? Бір сәт көзге елестетіп көріңіз­ші: біреу сіз­ден “қы­мыз қолданасыз ба?”, “шұбат қол­да­насыз ба?”, “шарап қолданасыз ба?” деп сұраса не дер едіңіз? Иә, қол­­данамын деп жауап берер ме еді­ңіз? Ішім­дік те сол сияқты сұйық­тық емес пе? Оны не ішеді, не іш­пей­ді емес пе? Ал қоғамға “дені сау” деген анықтама жараса қояр ма екен? Бұл тіркес адамға ғана айтыл­майтын ба еді? Мысалы, “Қарағым, айна­лайын, денің сау ма...” деп басталатын халық әнінде айтылаты­ны сияқты. Енді мынадай мәтінге қалай қарар едіңіз? Сейфуллин даңғылы мен Сәт­баев көшелерінің қиылы­сын­дағы бил­бордта “Білдей активтер – салауат­ты банк” деген жазу алыс­тан көз тарта­ды. Астындағы оры­с­шасы: “Здоровые ак­тивы – здоро­вый банк” екен. Оу, қа­з­ақ­тың “біл­дей” деген сөзді тек адам­ға қатысты қолданатыны тағы да өзі­мізге белгілі емес пе?! Мысалы, “Білдей азамат” немесе “Бір үйдің білдей аза­маты”, т.т. сияқты. Қазір бұл анықтама жарнаманың арқасында “білдей активтер” болып шыға келіпті. Ал Сәтбаев пен Желтоқсан кө­ше­­­­лерінің қиылысындағы бил­борд­­тағы “Аса шынайы­лықтағы өмір” деген мәтінді жазған адам­ның өзі болмаса қай қазақ түсінетінін білмедік. Мұның өзі мемле­кеттік тілге нем­құрайлы қарау, ашығын айт­қан­­да жаны ашымастықтың дәл өзі бо­лып шығады. Сонда Алматы қала­сының Тілдерді дамыту бас­қар­­масы жүгенсіз кеткен жарнама мәтін­деріне жауап беруге тиіс емес пе? Францияда жарнама қате жазыл­са, оның иесі 5 мың еуро айыппұл төлейді екен. Ендеше, біз тәуелсіз елі­міз­де жарнамаға қалай болса солай қарайтындарды, ана тілімізді бұрмалап отырғандарды тым болмаса тәртіпке де шақыра алмаймыз ба? Ғазизбек ТӘШІМБАЙ, Қазақстанның құрметті журналисі.