«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев ұйымға қолдау білдіріп, дауыс берген сайлаушыларға шынайы алғысын айтты. Сондай-ақ партия төрағасы сайлау науқаны кезінде барлық партияларға тең жағдай жасалғанын жеткізді.
– Біз сайлаудың қолданыстағы сайлау заңнамасының шеңберінде өткенін тағы бір мәрте растағымыз келеді. Сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде барлық партияға тең мүмкіндік берілді, ортақ жағдай жасалды. Бұл сайлау мемлекетіміздің одан әрі дамуы мен өркендеуіне септігін тигізуі керек дегім келеді. Мен «Ауыл» партиясына дауыс берген, «Ауыл» партиясын қолдаған барлық сайлаушыға, «Ауыл» партиясының сайлау кампаниясына қатысқан азаматтарына, науқанының қатысушыларына алғыс айтамын. Мемлекетіміз өсіп-өркендей берсін. Толағай табыстар көп болсын. Халқымызға бақ-береке тілейміз, – дейді Ә.Бектаев.