Экзит-пол нәтижесі бойынша Мәжіліс сайлауында 9,03 пайыз дауыс жинаған Қазақстанның Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров өз әріптестерін және сайлаушыларды құттықтады.
Ол Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының алдын ала жарияланған нәтижесіне көңілі толатынын білдіріп, сайлауда жеткілікті дауыс жинаған және қатысқан өзге партияларға сәттілік тіледі.
«Сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде депутаттықтан үміткерлер үшін тең жағдай қарастырылды. Ешқандай қиыншылық пен кедергі болған жоқ. Экзит-пол нәтижесі біздің мүмкіндігіміздің мол екенін көрсетеді. Сайлауалды жұмыстарға қатысқан әріптестеріме және сайлаушыларға ризашылығымды білдіреміз», деді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров.