Атырау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамера инспекторлары Жайық өзенінің үстіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуын да қадағалайды. Мақсат – Жайық өзенінің үстінде болуы мүмкін оқыс оқиғаның алдын алу, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жыл басынан бері Жайық өзеніндегі мұз үстімен автокөлікті жүргізген 4 жүргізуші анықталды. Сондай жүргізушінің бірі 10 қаңтарда сағат 15:40 шамасында Жұмыскер елді мекеніндегі көпірдің тұсында ұсталды. 36 жастағы жүргізуші «Лада Гранта» маркалы автокөлігімен мұз үстімен жүрген», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Патрульдік полиция қызметкерлері 4 жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық бұзу туралы Кодексінің 620-бабымен (жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырып, ескерту берді.