Қытайда коронавирус қайта өршіп, елде кейінгі тәулікте 115 науқастан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оның ішінде 38 науқас коронавирустың 19 симптомсыз түрін жұқтырғаны анық болды. Қытайдағы коронавирус жағдайы туралы Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет мәлімдеме жасады. Дереккөз мәліметінше, 115 науқастың 8-і сырттан келгендер болса, 107-сі - жергілікті тұрғындар.
Пандемия басталғалы Қытайда 87 706 адамнан коронавирус анықталып, 82 288 адам жазылған. 4 634 науқас қайтыс болған.