Шығыс Қазақстан облысының колониясында жазасын өтеп жатқан Сергей есімді жігіт үш ай бойы жақсы жалақы алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Ол 40 градус аязда көкөніс өсіріп еңбек етеді екен. Ол қамауда жүргеніне қарамастан үш ай бойы шалғам, қияр және аскөк өсірумен айналысады.
«Шынымды айтсам жылыжайда қазір қыс емес, жаз мезгілі сияқты. Шамамен 10 күн бойы бізде аяз болды, далада температура 45 градусқа дейін төмендейді. Ал жылыжайдағы ауа температурасы + 23 градусты көрсетеді», – дейді сотталған азамат.
Сергей күн сайын жылыжайда жұмыс істейді, жұмысқа шағымданбайды. Керісінше, ол өз жұмыстарының нәтижелерін бақылаушыларға қуанышпен ұсынады. Бағбанның айтуынша, ол жақсы жалақы алады, онымен талап арыздарын өтеуде. Сотталғандар жаңа жылдық мерекелік кешкі асты дайындауда жаңа шалғам, қияр мен аскөктерді қолданған.
«Бостандықта бақшаға қамқорлық жасауды жақсы көрдім. Осы жерде де менің сүйікті жұмысым табылды. Таңертеңгі жұмысым көкөністерді суарудан және арамшөптерді жұлудан басталады. Өсірілген аскөк, ақжелкен, пияз, сарымсақ, қияр және шалғам жергілікті ас үйде белсенді қолданылады, айтпақшы, біздің дәрумендер жыл бойы дастархан үстінде. Аскөктер тез өседі, әр апта сайын жинап алуға болады», - деді Сергей.
«Қазір колонияда 200-ге жуық сотталған адам жұмысқа орналастырылды, бұл жазасын өтеушілердің 90%-ы. Жұмыс – сотталғандардың тәрбиелік шараларының біріне енеді», – деп түсіндірді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.