• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Видео 14 Қаңтар, 2021

Бұрынғы министр белгілі тұлғалардың аналары туралы кітап шығарды

544 рет
көрсетілді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметі брифинг алаңында «Великие матери выдающихся личностей» атты кітабын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кітап адамзат тарихындағы әлемдік оқиғалар мен миллиондаған адамдардың тағдырына әсер еткен ұлы, көрнекті тұлғаларды тәрбиелеп өсірген аналардың өмірлік тарихына негізделген.   Жинақта ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы Әлжан Назарбаева, РФ президенті Владимир Путиннің анасы Мария Путина, америкалық өнертапқыш Томас Эдисонның анасы Нэнси Элиот, Сингапурдың бірінші премьер-министрі болған Ли Куан Ю-дің анасы Чуа Джим Нео, Түркияның тұңғыш президенті болған Кемал Ататүріктің анасы Зубейде ханым және өзге де тарихи тұлғалардың аналары қамтылған.   «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деген керемет сөз бар. Сол ой тұрғысында «Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» деген кітаптың тұсаукесері өтіп жатыр. Әрине, бұл кітап ең алдымен аналарға арналған. Кітапта елімізге белгілі тұлғалардан, мемлекеттік қайраткерлерден басқа, спорт пен ғылым және басқа да салалардағы қайраткерлердің өмірі алынған. Бірақ мұндағы негізгі мақсат – сол тұлғалардың өмірбаяны емес, аналарының өз баласының табысқа жетуге сіңірген еңбегін көрсету. Сондықтан, бәрімізге ыстық болатын, жүрегімізге ерекше сезім беретін кітап болады деп үміттенемін», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кітап тұсаукесерінде.