2020 жыл еліміздің құрылыс индустриясы үшін маңызды жыл болды, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрылыста еуропалық нормаларды (Еурокодтар) қолдануға толықтай көшті, елдің құрылысшылардың беделі халықаралық аренада да нығайды: дамудың негізі ретінде ТМД елдерінің мамандары қазақстандық сарапшылардың тәжірибесін алады.
2020 жылы Еурокодтарға толық көшу нәтижесінде 500-ден астам құрылыс нормалары жойылды. Осылайша, 2025 жылға дейін аяқталатын құрылыс индустриясын техникалық реттеу жүйесін реформалаудың үшінші қорытынды кезеңі басталды.
Еурокодтарға өту құрылыс индустриясын ескірген нормативтік-техникалық базаның реформасымен үйлестіру арқылы еуропалық және әлемдік жүйелермен біріктіру қажеттілігімен анықталады.
Еврокодтар - бұл азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың еуропалық техникалық стандарттары. Оларды Еуропалық стандарттау комитеті соңғы 30 жыл ішінде жасады. Стандарттарға құрылыс жобаларының құрылымдардың барлық типтеріне: болат, темірбетон, ағаш, кірпіш және алюминий қойылатын талаптар кіреді.
«Құрылыс компаниялары мамандардың Еурокодтарды қолданылудың едәуір жеңілдіктеріне ие болады - олардың бәсекеге қабілеттілігі артады, инвестиция тарту үшін компаниялар Еурокодтар қолданылатын шетелдік құрылыс қызметтері нарығына шыға алады және олар әлемнің 45-тен астам елдерінде қолданылады. Сондай-ақ, шетелдік компаниялар Қазақстан Республикасының аумағында жобалау және құрылыс саласында біздің мамандарды тарта алады», - Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Еурокодтарға көшудің жауапты операторы болды.
Соңғы 5 жылда ҚазҚСҒЗИ мамандары еурокодтарға 56 ұлттық қосымшалар әзірледі, 3000-ға жуық мамандар ҚазҚСҒЗИ корпоративтік институтында оқудан өтті, 23 пилоттық жоба Еурокодтарды қолдану арқылы жүзеге асырылды.
2020 жылдың қараша айында ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңесінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары жасаған Қазақстан ұсынған құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесі мақұлданды.
Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан ұсынған жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласындағы ТМД елдері үшін нормалардың бірыңғай моделі қарастырылды.