Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген стратегиялық саяси бағыт сабақтастығын табады деген нақты ұстанымын айтып өтті. Ең бастысы, еліміздің Президенті өзінің сөзінде мына саяси реформалардың жалғасын табатынына нақты тоқталып өтті. Оның ішінде мына өтпей қалған саяси партиялардың нақты бағдарламалары да бар. Сондықтан біз Мәжіліске өтетін партиялардың табалдырығын 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету, оларды электронды түрде тіркеу, тағы да басқа жеңілдіктерді беру туралы өзінің нақты ұсыныстарын айтып өтті.
Бүгінгі Президенттің сөзінде адам құқығы туралы да айтылды. Адам құқығы туралы көп заңның қабылдануы, адам құқығына біз қандай іс-шаралар қолдануымыз керек, қандай жобалар қабылдануы керек? Осы туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты айтып өтті. Ал енді осының бәрі ары барғанда адами капиталға кіреді. Ол дегеніміз Президенттің тапсырмасы бойынша ұлттық жоба әзірленуі тиіс деген сөз. Ең бастысы, біздің білім саласында сапаға көңіл бөлу керек. Әлемдік трендқа сүйене отырып, өзіміздің ұлттық жүйені, ұлттық білім саласын жақсартуға, орта білім болсын, біздің колледж, университеттердің маман даярлау сапасын көтеруіміз керек. Осыған нақты көмектесуіміз керек, осындай жоба қабылданса біздің білім саласы да ары қарай дамиды деген үлкен сенімдеміз.
Осы саяси реформалар, адами капитал мен адам құқығы және тағы басқа мәселелерге орай бүгін Президент нақты тапсырма берді. Заңды түрде сапалы заңдарды қабылдап, осыны өмірге енгізуге, іске асыруға Парламентке тапсырып отыр. Тағы бір нәрсе айтайын дегенім, бұл жерде Парламентте көп мәселе шешіледі. Сондықтан мына Парламентке келгенде Мәжіліс пен Сенат алдында осындай үлкен мақсат тұр деп айтты.
Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,
Парламент Сенатының депутаты