• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Қаңтар, 2021

«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды

288 рет
көрсетілді

Сенбі күні футзалдан УЕФА Чем­пион­дар лигасының 1/16 фина­лындағы бірқатар матч өтті. Айтулы додада бақ сынап жатқан Қазақ­стан­ның екі бірдей командасы өз ойындарын қонақта өткізіп, қарсылас­тарынан басым түсті.

Мәселен, Беларусьтің Могилев қаласында жергілікті «ВитЭн» клубымен ойнаған Ал­матының «Қайраты» 5:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Матчтың бірінші кезеңінде жер­лес­теріміз қарсылас команда қақпасына жауап­сыз үш гол соқты. Ойынның небары 11-секундында Савио есепті ашса, Ум­берто (16-минут) мен Диего (18-минут) өз есім­дерін таблоға жаздыртты. Ал екінші тайм­да Бір­жан Оразов (34-минут) пен Дуглас Коста (36-минут) бір-бір гол соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады.

Сонымен қатар «Ақтөбе» командасы да сырт алаңда Грекияның АЕК клубынан 5:2 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде «Ақтөбе» ұжымынан Бекжан Дәулетов (16-минут), Оливейра (21), Дмитрий Клочко (27), Асхат Көлбаев (32) және Нұрбек Қара­ғұлов (36) мергендігімен көзге түсті. Енді жерлестеріміздің келесі қарсыласы 20 қаң­тарда өтетін жеребе тарту рәсімінде белгілі болады. Ал 1/8 финалдың ойындары 16-21 ақпан аралығына жоспарланған. Келесі кезеңнің бәсекелері де бір ойыннан тұрады.