• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Бокс 18 Қаңтар, 2021

Бұрымдылар бес алтын олжалады

108 рет
көрсетілді

Сербияда қыздар арасында бокстан халықаралық «Ұлттар кубогы» жарысы өз мәресіне жетті. Байрақты бә­се­ке­де жер­лестеріміз үздіктер қата­ры­нан кө­рініп, жалпы саны 8 жүлде жеңіп алды.

Пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралған Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері Сербиядағы турнирде тәуір нәтиже көрсетіп, жанкүйерлердің көңілінен шыға білді. Себебі жарысқа барған 9 боксшының 8-і жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, Арайлым Марат (48 кг), Дина Жо­ламан (54 кг), Владислава Кухта (57 кг), Римма Волосенко (60 кг) мен Ләззат Күн­гейбаева (+81 кг) еш қиындықсыз финал­ға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте де аянып қалған жоқ. Нәтижесінде, бес боксшымыз да алтыннан алқа тақты. Ал финалға шыққан тағы бір жерлесіміз Гүлсая Ержан (+81 кг) бас жүлде үшін өткен бәсекеде қарсыласына жол беріп, күміспен күптелді. Сонымен қатар Валентина Хальзова (69 кг) мен Марина Вольнова (75 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.