Израильдің 13 жергілікті тұрғыны Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын салдырғаннан кейін бет жүйкесі біржақты сал болып қалғанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Мәселен вакцина салғаннан кейін бірнеше минуттың ішінде бір тұрғынның ауыз бен жақ айналасында өзгерістер пайда болып, жансыздана бастаған.
Ер адамның айтуынша ол ауыз бен жағының жансыздануымен 28 сағатқа дейін жүрген. Бірақ басқа ауырсыну белгілерін сезбепті.
Айта кетейік, юет жүйкесі невриті немесе Белл сал ауруы - клиникалық зерттеулердің үшінші Pfizer вакцинасын салдырған адамда пайда болатын белгілі кері әсерлердің бірі.
Осындай кері әсерлерге қарамастан, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындарды препараттың екінші дозасымен вакцинациялауды ұсынып отыр.
17 қаңтардағы мәліметтер бойынша, Израильде пандемия басталғалы 548 332 адам коронавирус жұқтырған. 4005 науқас қайтыс болды. Елде жаппай вакцинация 20 желтоқсанда басталды.