• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 18 Қаңтар, 2021

«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды

2534 рет
көрсетілді

Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір ауда­нында дүниеге келген. Әл-Фара­би атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің журналистика фа­куль­тетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылдан, яғни V курстан бастап «Egemen Qazaqstan» жалпы­ұлттық республикалық газе­тінде жұмыс істеп бастаған. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағында тілші, аға тілші, шолушы, бөлім мең­герушісі, одан әрі бас редактордың орынбасары қыз­меттерін атқарды.

Бұған дейін «Нұр Астана» рес­пуб­ликалық жастар апталығының бас редакторы қызметінде болған. «Дарын» мемле­кеттік жас­тар сыйлығының иегері Ғабит Іскендерұлының «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицис­ти­ка­лық шығармалар жинағы жарық көрген.

Айта кетейік, бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор қызметін атқарып келген Айбын Шағалақ «Egemen Qazaqstan» РГ АҚ Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.